Маңызды хабарландыру!
Құрметті талапкер!
Қазақ спорт және туризм академиясы 2024-2025 оқу жылына 2024 жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында шығармашылық емтиханға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.
Шығармашылық емтихандар 2024 жылдың 08-13 шілдесі аралығында өтеді.
Құжаттар тізімі:
- Белгіленген үлгідегі өтініш (қабылдау комиссиясы береді)
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат/диплом)+2 қосымшасымен
- Ағымдағы жылғы ҰБТ сертификаты (жүйеден тексеру үшін АКТ және ЖСН болуы қажет)
- Фотосуреттер 3х4 – 6 дана
- Жеке куәліктің көшірмесі -3 дана
- Флюорографиясы бар 075-У нысанындағы медициналық анықтама.
- Баланың денсаулық паспорты (063)
- Спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған кезде).
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (тіркеу куәлігі)