Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Без рубрики

Виртуалды форсайт лаборатория (АР 14871202) №119 мектеп- лицейінде «Олимпиадалық білім беру» апталығын ұйымдастыруда

Қазақ спорт және туризм академиясының ҚР ғылым және жоғары білім Министрлігінің  Гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылып жатқан  АР 14871202 жобасының міндеттеріне сәйкес 22.01-26.01.2024ж. аралығында №119 мектеп- лицейінде «Олимпиадалық білім беру» апталығы өтуде.

Апталықтың мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында Олимпиадалық қозғалыс туралы білімді тарату, оларды Олимпиаданың рухани –адамгершілік құндылықтарымен таныстыру.

Жоспарға сәйкес танымдық шаралар ретінде апталықтың бірінші күні «Олимпиадалық білім беру» тақырыптық кітаптар көрмесінің ашылуымен басталды. Екінші күні Олимпиада ойындарының  чемпионы  мен жүлдегері Ермахан Ибрагимов, Нұрбахыт Теңізбаевпен онлайн форматта оқушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар өздері туралы қызықты деректермен бөлісті. Кездесуде 4 сынып оқушылары өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Виртуалды зертхананың міндеттеріне сәйкес келесі кезекте “Олимпизм білгірлері” интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.  Сайысқа 2022-2023 оқу жылында эксперименттік топ ретінде ендірілген «Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптерімен (жоба орындаушылары әзірлеген)  жұмыс  жасап, білім меңгерген білімалушылар қатысты. Сайыс мынадай кезеңдерді қамтыды:

  1. Қыздырыну туры. Командалық байқау. Барлық қатысушыларға сұрақтар бірнеше нұсқада жауаптарымен ұсынылды.
  2. тур-Команда капитандарының сайысы. Әр капитанға 2 сұрақ ұсынылды.

III. тур-Визит карточкасы.

Командалар олимпиадалық тақырыпта команданың визит карточкасын дайындады: команданың атауы, эмблемасы, ұраны (команданың тұсаукесері).

Сайыста командалар жоғары  білім деңгейін көрсетіп, лайықты марапаттарға ие болды. Аталмыш іс -шараларға  жоба жетекшісі Дошыбеков А. PhD докторы, қауымд.профессор, жоба орындаушылары: Абсатова М. п.ғ.д., профессор (Абай ат.ҚазҰПУ), Копжанов Г. аға оқытушы қатысты.

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖