Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Халықаралық байланыстар

ХБ – білім беру, ғылыми-зерттеу және қоғамдық қызмет саласында халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамытуды ұйымдастыру үшін құрылған академияның құрылымдық бөлімшесі.

Мақсаты: Академия мамандарын даярлау сапасын арттыруға, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға және тұтастай алғанда академияның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететін халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысуын ұйымдастыру және үйлестіру.

 

Міндеттері:

  • академияның халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру;
  • шет елдерде және ҚР-да халықаралық жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру;
  • шет елдердің оқу орындарымен, қорларымен және басқа да ұйымдарымен халықаралық байланыстарды дамыту;
  • академияның халықаралық байланыстар және қатынастар саласындағы қызметін ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
  • профессор-оқытушылар құрамын халықаралық ынтымақтастыққа тарту;
  • шетелдік серіктестермен академияның факультеттері, кафедралары және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық ынтымақтастығын үйлестіру;
  • білім алушыларға, академия бөлімшелері мен қызметкерлеріне ағымдағы кеңес беру жұмыстарын жүргізу және өзге де көмек көмек көрсету;
  • шетелдік оқытушылардың академиядағы жұмысын ұйымдастыру;
  • студенттерді, магистранттарды, докторанттарды оқыту жұмыстарын және оқытушылар мен қызметкерлердің шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;
  • академияға үкіметаралық және жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер бойынша келетін, сондай-ақ жеке тәртіппен келетін шетелдік студенттерді, магистранттарды, докторанттарды оқытуды ұйымдастыру

ХБ келесідей қызметтерді жүзеге асырады:

  • халықаралық ынтымақтастық саласындағы бағдарламаларды, келісімдерді және басқа да құжаттарды дайындау;
  • оқу және ғылыми жұмыс деңгейін арттыруға ықпал ететін шетелдік серіктестермен байланыстарды іздеу және орнату;
  • Академияның халықаралық байланыс саласындағы шарттарды, келісімдерді, бағдарламаларды, басқа да екіжақты және көпжақты құжаттарды дайындау, келісу, жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ҚР аумағындағы халықаралық ұйымдармен және шет елдердің өзге өкілдіктерімен өзара жұмыс жасау;
  • қажет болған жағдайда академияның Халықаралық байланыстар туралы келісім жобаларын қоса алғанда, халықаралық байланыстар мәселелері бойынша шет елдердегі ҚР оқу орындарымен, консулдықтарымен және өкілдіктерімен өзара жұмыс жасау;
  • Академияның шетелдік білім беру және ғылыми мекемелермен, ұйымдармен байланысын орнату және дамыту бойынша жұмыс жүргізу;
  • академия өкілдерінің халықаралық бірлестіктер, қауымдастықтар, қорлар, жоғары оқу орындары өткізетін іс-шараларға қатысуы жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • шетелдік әріптестермен бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды дайындауға қатысу;
  • студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуын және халықаралық алмасуын ұйымдастыру;
  • шетелдік гранттар, алмасу бағдарламалары, шетелдік тағылымдамалар туралы ақпаратты іздеу және тарату;
  • шетел университеттерінің және басқа ұйымдардың өкілдерімен халықаралық конференциялар, семинарлар, “дөңгелек үстелдер” дайындауға және ұйымдастыруға қатысу;
  • шетелдік әріптестердің шақыруы бойынша академия делегацияларының шетелге шығуын ұйымдастыру, сондай-ақ академия басшылығының шақыртуы бойынша келетін шетелдік делегациялардың академияға келу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • академияға ақылы негізде шетелдік білім алушыларды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • шетелдік білім алушыларға  академия базасында орыс тілін үйрету және жоғары оқу орнына дейінгі даярлау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Академия бөлімшелеріне халықаралық ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары бойынша шетелдік әріптестерді іздестіруге жәрдемдесу;
  • академияның халықаралық қызметі жөнінде жылдық есептерді дайындау;
  • шетелдік студенттерді тіркеу.
Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖