ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!
Қазақ спорт және туризм академиясы 2026-2027 оқу жылына келесі білім беру бағдарламаларына қабылдайтынын хабарлайды.
В005 «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша:
1) 6B01401 «Дене шынықтыру және спорт»
2) 6B01403 «Бейімдік дене шынықтыру және спорт»
3) 6B01404 «Фитнес және рекреация»
В098 «Спорт» білім беру бағдарламалар тобы бойынша:
6B11501 «Спорттық қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару».
Шығармашылық емтиханға келесі мерзімде өтініштер қабылдайды:
1) 2026 жылдын 20 маусымнан 06 шілдеге дейін;
2) 2026 жылдын 20 маусымнан 10 тамызға дейін (ақылы негізде оқуға тапсратындар үшін).
Шығармашылық емтиханға келесі мерзімдерде өтеді:
1) 2026 жылдын 7 шілде мен 13 шілде аралығында;
2) 2026 жылдын 11 тамыз бен 13 тамыз аралығында (ақылы негізде оқуға тапсратындар үшін).
Білім беру грантарына өтініштерді қабылдау 2026 жылдын 13 шілде мен 20 шілде аралығында.
Құжаттар тізімі:
- Белгіленген үлгідегі өтініш (қабылдау комиссиясы береді)
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (аттестат/диплом)+2 қосымшасымен
- Ағымдағы жылғы ҰБТ сертификаты (жүйеден тексеру үшін АКТ және ЖСН болуы қажет)
- Фотосуреттер 3х4 – 4 дана
- Жеке куәліктің көшірмесі – 2 дана
- Флюорографиясы бар 075-У нысанындағы медициналық анықтама.
- Баланың денсаулық паспорты (063) және көшірмесі
- Спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған кезде).
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шақыру учаскесіне тіркелгені туралы мәлімет (E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған)
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін: КЕАҚ «Қазақ спорт және туризм академиясы» 6В01403- Бейімдік дене шынықтыру және спорт, 6В01401- Дене шынықтыру және спорт, 6В01404 -Фитнес және рекреация білім беру бағдарламаларына күндізгі бөлімде оқуға қарсы көресетілімдері жоқтығын растайтын 026 / 027 нұсқадағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытынды шешімі.







