«Туризм» білім беру бағдарламалары тобы бойынша отырысы өтті.

24 маусым 2026 жылы «Қазақ спорт және туризм академиясы» КЕАҚ базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі (ОӘК) жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ-ГУП) «Туризм» білім беру бағдарламалары тобы бойынша отырысы өтті.
Іс-шара аралас форматта (онлайн/офлайн) ұйымдастырылып, оған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, шетелдік сарапшылар, жұмыс берушілер және туристік индустрия өкілдері қатысты.
Отырыстың модераторы:

Агелеуова Айгүл Тоқтарханқызы – «Қазақ спорт және туризм академиясы» КЕАҚ Туризм ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Отырыс барысында туризм саласы үшін білікті кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері қарастырылып, келесі баяндамалар тыңдалды:
🔹 «Формальды сәйкестіктен сапа мәдениетіне дейін: туризм саласындағы білім беру бағдарламаларын жобалау, бағалау және жетілдірудегі халықаралық тәсілдер»
Баяндамашы: Ирина Евгеньевна Ефимова – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ASIIN Германия аккредиттеу агенттігінің Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы, Еуропа университеттері қауымдастығының сарапшысы.
🔹 «Өзбекстан Республикасында туризм индустриясына кадр даярлау тәжірибесі: заманауи тәсілдер, тәжірибеге бағдарланған оқыту және халықаралық ынтымақтастық»
Баяндамашы: Наргиза Акбарджоновна Абдувахидова – Жастармен жұмыс жөніндегі проректор, «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университеті (Өзбекстан Республикасы).
🔹 ««Туризм» білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби имиджін қалыптастыру: мінез-құлық мәдениеті, тарихи-мәдени мұраны білу және турист алдындағы жауапкершілік»
Баяндамашы: Салимова Вагида Вилиновна – TAU CAMPING KZ ЖШС директоры, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
🔹 «Жоғары білім беру жүйесіндегі үш жылдық бакалавриат: моделі, артықшылықтары және сын-қатерлері»
Баяндамашы: Азамат Әуезханұлы – PhD докторы, Алматы менеджмент университеті Менеджмент мектебінің деканы.
🔹 «Әлемдегі және Қазақстандағы инклюзивті туризмді дамыту»
Баяндамашы: Эмин Атасой – PhD, Түркиядағы Бурса Ұлудағ университетінің профессоры.
🔹 Туризм бағыты бойынша кадрлар даярлау шеңберінде оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын ОӘБ-ГУП РОӘК ҚР ҒЖБМ грифін беру мақсатында ұсыну және бекіту мәселесі
Баяндамашы: Агелеуова Айгүл Тоқтарханқызы.
Отырыс аясында туристік білім беру сапасын арттыру, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамыту, инклюзивті білім беру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруге, туристік салада сұранысқа ие мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдеріне, сондай-ақ ОӘБ-ГУП РОӘК ҚР ҒЖБМ грифін алуға ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарын қарастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай отырыстар жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер және сарапшылар арасындағы кәсіби диалогты дамытуға мүмкіндік беретін тиімді алаң болып табылады. Олар тәжірибе алмасуға, туристік білім берудің өзекті үрдістерін талқылауға және туризм саласы үшін білікті кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталған ортақ шешімдер қабылдауға ықпал етеді.

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.39

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.39 (2)

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.39 (1)

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.38

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.38 (4)

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.38 (3)

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.38 (2)

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.38 (1)

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.37

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.39 — копия

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.39 (2) — копия

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.39 (1) — копия

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.38 — копия

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.38 (4) — копия

WhatsApp Image 2026-07-19 at 15.52.38 (3) — копия

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма