Kazpatent – Ұлттық зияткерлік меншік институты туралы хабарлама

Құрметті ғалымдар, жас зерттеушілер, оқытушылар мен қызметкерлер!
Қазақ спорт және туризм академиясының Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (ҚазСТА ТИҚО) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік ұлттық институты – әртүрлі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік кәсіпорын Kazpatent сіздердің зияткерлік меншік құқықтарыңызды қорғау бойынша қызметтер ұсынатынын хабарлайды.
Kazpatent тарихы 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің №806 «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы» Жарлығынан бастау алады. Аталған жарлықтың мақсаты өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғаудың мемлекеттік жүйесін құру, патенттеу бойынша бірыңғай құрылымды қалыптастыру, өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне және басқа да өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын беру, кәсіпкерліктің дамуына кедергілерді жою, озық технологиялардың, тауарлар мен қызметтердің таралуына ықпал ету үшін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосын құру болды.
Kazpatent – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) серіктесі. ДЗМҰ – зияткерлік меншік саласындағы саясатты қалыптастырумен, ынтымақтастықты нығайтумен, қызметтер мен ақпарат ұсынумен айналысатын жаһандық форум. ДЗМҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі өзін-өзі қаржыландыратын мекеме болып табылады және оның құрамына 193 мемлекет мүше.
ДЗМҰ-ның мақсаты – инновациялар мен шығармашылықтың дамуына жағдай жасайтын, баршаға игілік әкелетін теңгерімді әрі тиімді зияткерлік меншік жүйесін қалыптастыруға жетекшілік ету. Ұйымның өкілеттіктері, рәсімдері мен басқару органдарының қызмет қағидаттары 1967 жылы қабылданған ДЗМҰ Конвенциясында айқындалған. ДЗМҰ 1967 жылы құрылған, оған 193 мемлекет мүше. Ұйымның штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан.
Kazpatent Қазақстан Республикасы, Еуразиялық патенттік ұйым (ЕАПҰ) және халықаралық деңгейлерде өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге формальды сараптама жүргізу үшін өтінімдерді қабылдау, сондай-ақ авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу қызметтерін ұсынады. Қызметтердің толық тізімімен Kazpatent-тің ресми сайтынан таныса аласыз:
https://www.kazpatent.kz/kz/qazpatent-turaly/bagalar
WhatsApp Image 2026-07-01 at 11.46.08

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма