
Спорт менеджмент кафедрасының, 1 курс Sport 26-2 тобының студенті Жандосқызы Айя
2026 жылдың 7–8 қараша күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында каратэ киокушинкай спорт түрінен World Kyokushin Festival Cup халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарыста 18 жастан жоғары қыздар арасында -55 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жандосқызы Айя қарсыластарынан басым түсіп, І орын иегері атанды!
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль!
Жеңіс құтты болсын! Алда бұдан да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!








