ФОС факультетінің студенті — тоғызқұмалақтан Республикалық студенттік спорт лигасының жүлдегері

2026 жылдың 19–25 мамыр аралығында Алматы қаласында ҚазСТА ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың спорт залында тоғызқұмалақтан Республикалық студенттік спорт лигасы өтті. Аталған жарыста ҚазСТА-ның FOS 22-15 тобының студенті Омар Тоғжан жекелей сында ІІ орын иеленді.

Тоғжан бұған дейін де республикалық деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысып келеді. Атап айтқанда, ол 2023 жылы Ақтау қаласында өткен Республикалық универсиаданың және 2024 жылы Астана қаласында өткен Республикалық студенттік спорт лигасының қатысушысы болды.

Омар Тоғжанды жүлделі орнымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы мемлекеттік емтихандарына сәттілік тілейміз!WhatsApp Image 2026-05-28 at 11.03.02
DSC09931.JPG

DSC09922.JPG

DSC09705.JPG

DSC09697.JPG

DSC03128 2.JPG

DSC03068.JPG

DSC00176.JPG

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма