Без рубрики

Ең үздік деп танылған “Swim with Love” сәбилерге жүзуді үйрету әдістемесіне бір апталық тегін оқыту

Құрметті достар, түлектер, әріптестер және қызығушылық танытқан азаматтар!

Сіздерде поляк-американдық Бостандық Қорының қолдауымен КЕАҚ “Қазақ спорт және туризм академиясы” ұйымдастырған RITA бағдарламасы бойынша халықаралық жобаға және біліктілікті арттыру курстарына қатысуға бірегей мүмкіндіктеріңіз бар.

Өткізу мерзімі 2024 жылғы 27-31 мамыр аралығында.

Біз сізді әлемдегі ең үздік деп танылған “Swim with Love” сәбилерге жүзуді үйрету әдістемесіне бір апталық тегін оқытуға қосылуға шақырамыз. Жоба аясында 250 студент, 25 оқытушы және 25 жұмыс істейтін нұсқаушы үшін курстар өткізіледі. Бұл топтардың әрқайсысы тиісті сертификаттарға ие болады, ал 25 нұсқаушы халықаралық сертификаттарға ие болады.

Курстар ағылшын тілінде аудармамен өткізіледі. Жобаны AZS WSG және WSG University (Польша) қоғамы, Осло қаласындағы (Норвегия) судағы құтқару қызметі және КЕАҚ “Қазақ спорт және туризм академиясы” (Қазақстан) ұйымдастырады. Спикерлер – Сарапшылар Терье Стукстед (Норвегия) және Александр Скалий (Польша).

Сіздерді 2024 жылдың 19 сәуіріне дейін QR код немесе сілтеме бойынша тіркелуге шақырамыз https://forms.gle/14siL82f9Segg2Xv5:

Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық пошта арқылы хабарласыңыздар:swim_rita@mail.ru

8848b6a8-62de-4e49-bb62-ece21e988d84

Жаңа және пайдалы ақпарат үйрену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Close