Без рубрики

Қазақ Спорт және Туризм Академиясында «1 ақпан – халықаралық сайлау күніне» орай «Тура биде туған жоқ» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы ғалымдарының қатысуымен ғылыми-танымдық кездесу болып өтті.

      Ғылыми-танымдық шараны ұйымдастырған «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұжымы; модераторы: т.ғ.д., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Берлібаев Бақдәулет Тұрбекұлы.

     Іс-шара қонақтары:

  1. Рустем Мустафин – Қазақстан Республикасы ҒА «Философия және саясаттану» институтының «Саяси зерттеулер» орталығының меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы, белгілі саясаттанушы;
  2. Дамира Сиқымбаева – «Саяси зерттеулер» орталығының жетекші ғалыми қызметкері, PhD докторы;

     Іс-шара барысында  қонақтар  дүние жүзіндегі және Қазақстандағы  сайлау тарихы, сайлауды өткізу тәртібі туралы  танымды да мазмұнды мағлұматтармен бөлісті.

       Кездесу соңында ҚазСТА «Тәрбие және спорт жұмысы» жөніндегі проректоры Мұхтар Зайнолдаұлы Есқалиев қонақтарға еңбектеріне табыс тілей отырып, оқу мекемесі атынан «Алғыс хат» табыс етті.  

       Кеш қонақтары мен студент жастар арасында  естелік  суретке түсу рәсімі өтті.

 

Close