Без рубрики

Ат спортынан кәсіби мамандар даярлау қолға алынды

Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов мен ҚР этноспорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев екіжақты келісім шартқа қол қойды. Мақсат – бірлесе отырып ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде ат спортын дамыту мақсатында білім беру бағдарламасын құрастыру.
«Аударыспақ, жамбы ату, көкпар, бәйге сияқты ұлттық спорт түрлері – ата-бабаларымыз мұра еткен асыл қазына. Атқа міну, шабу – біздің қанымызда бар қасиет. Ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, халықаралық дәрежеде көтеруді қолға алғанымыз жөн. Ат спортын дамыту үшін барынша қызмет етуге Қазақ спорт және туризм академиясы да әрдайым ықыласты» деді Қ.Закирьянов.
Алдағы уақытта білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу жоспада тұр. Ат спорт түрлерінен жарыстарды, форумдарды, спорттық-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, семинарларды, симпозиумдарды, ғылыми зерттеу жобаларын дайындау және оны іске асыру, болашақ мамандарды даярлауда заманауи инновациялық әдістемелерді қолдану сияқты ауқымды жұмыстар күнтізбеге енгізіледі.
Ендеше, елімізде ат спорты дамып, әлемдік бәйгелерде оза шапқан тұлпарлармен, мықты шабандоздар дайындайтын нағыз мамандармен мақтанатын күн де алыс емес сияқты.
395718422_1022686122183750_7267158130845388531_n 395677299_1022686132183749_5530167923723823690_n 395819792_1022686028850426_5395334709429993975_n 394710431_1022686108850418_7138814378661988197_n

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close