Без рубрики

«Күміс университеті» аға ұрпақ өкілдерін Қазақ спорт және туризм академиясының базасында өтетін қысқа мерзімді, бір айлық оқу курстарына шақырады

Қазақ спорт және туризм академиясында «Күміс университет» бағдарламасын жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мансап бөлімі жүзеге асырады.

«Күміс университет» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – дәстүрлі білім беру форматтарының өрісін кеңейту және аға ұрпақ өкілдерінің өзін-өзі таныту саласын қолдауға және кеңейтуге мүмкіндік беретін ортаны құру.

«Күміс университеті» өз жұмысында ұрпақтар сабақтастығына жағдай жасау, қоғамдық белсенділік пен өмір сапасын арттыру, дене шынықтыру деңгейін арттыру, аға ұрпақ өкілдерінің салауатты өмір салтын ұстану қабілетін арттыру сияқты негізгі міндеттерге назар аударады.

«Күміс университеті» аға ұрпақ өкілдерін 2024 жылдың  29 сәуір мен 31 мамыр аралығында Қазақ спорт және туризм академиясының базасында өтетін қысқа мерзімді, бір айлық оқу курстарына шақырады, мекен-жайы Алматы қ., Абай даңғылы, 85. Курстар келесі бағыттар бойынша ұсынылады:

– Компьютерлік сауаттылық;

– Экскурсиялық қызметтегі инновациялар;

– Туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыру және өткізу;

– «Тоғызқұмалақ» ойынына жаттықтыру;

– Скандинавиялық серуендеу – өмір қозғалысы;

– Жекпе-жектегі тыныс алу жаттығуларының ерекшеліктері;

– Шахмат;

– Футбол сабақтарының дене шынықтыру және сауықтыру шаралары.

«Күміс университеті» курстарына  тіркелуге қатысты сұрақтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мансап бөлімінің біліктілігін арттыру курсының маманына хабарласыңыз, Абай даңғылы, 85, 111 каб., телефон: 8-727-292-34-43; 8-727-292-30-07, электрондық пошта: dskazast@mail.ru (өтініш: толық аты-жөніңіз, курс атауы, контакт – WhatsApp).

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close