КӘСІПҚОЙ СПОРТ ЖӘНЕ ЖЕКПЕ-ЖЕК ФАКУЛЬТЕТІ

КӘСІПҚОЙ СПОРТ ЖӘНЕ ЖЕКПЕ-ЖЕК ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет тарихы КазСТА ректоры, профессор К.К.Закирьяновтың бастамасымен және Академияның озық оқытушысының бірі, Қазақстандағы ең бірінші КСРО еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, профессор М.У.Хванның қатысуымен 1999 жылы таеквондо кафедрасының құрылуынан басталды

Факультет құрылуының негізгі кезеңдері:

1999-2000 оқу жылында таеквондо кафедрасы құрылды. Содан соң, 2000 жылы 26 маусымда екі кафедрадан құралған шығыс жекпе жек және жауынгерлік өнер факультеті құрылды.

2000 жылдан 2017 жылдың тамыз айына дейін факультетті педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Болдырев Борис Наумович басқарды. 2004-2017жылдар аралығында деканның орынбасры қызметін Адильбекова Раиса Анваровна атқарды.

2001 жылы Академиядағы бірқатар өзгерістерге байланысты, факультет құрлымы да өзгеріп «Жекпе-жек және жауынгерлік өнер» факультеті болып аталды. Оның құрамына үш кафедра кірді- таеквондо, күрес және ұлттық спорт түрлері, және де бокс және жауынгерлік өнер.

2003 жылдың қантар айынан бастап факультет құрлымына тағы да өзгерістер енгізілді. Факультетті ары қарай оңтайландыру мақсатында 2002 жылдың 27 желтоқсандағы Ғылыми Кенестің шешімімен «Кәсіпқой спорт және жекпе-жек» болып өзгертілді.

Құрлымдық бөлімдердің жұмысын оңтайландыру мақсатында КазСТА президентінің бұйрығымен 2020 жылы 15 шілде күні  «күрес» және «ұлттық спорт түрлері» кафедралары біріктірілді.

Қазіргі таңда факультеттің құрамында: күрес және ұлттық спорт түрлері; бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жек каферларары бар. Осы кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы дене шынықтыру мұғалімдері мен келесі спорт түрлері бойынша мамандар дайындығымен айналысады: ұлттық спорт түрлері, қазақ күресі, спорттық күрес түрлері – еркін, грек-рим, самбо, дзюдо және де шығыс жекпежектері- таеквондо, карате, кикбоксинг, тайбокс, джиу-джитсу, бокс, ауыр атлетика, армлестлинг, гір спорты.

Факультет деканы Конакбаев Бакытбек Мухаметханович

2004 жылы күрес кафедрасының түлегі, КазСТА қызыл дипломмен бітірді. 2008 жылы КазСТА күрес кафедрасының оқытушысы қызметіне қабылданды. 2015 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, педагогикалық ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. Оқытушылық жұмысы кезінде күрес кафедрасы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып, оқу-әдістемелік жұмысына жауапты болды. 2016 жылы КазСТА «Ең үздік жас оқытушысы» номинациясымен марапатталды.

Факультет деканның орынбасары Нурканова Райхан Оразбековна педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

      1994 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша  үздік  дипломмен бітірді.

    1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ҚР 14А.02.02 диссертациялық кеңесінде «Көп сатылы білім жүйесін зерттеу жағдайындағы болашақ-математик маманының әдістемелік негізінде кәсіби дайындығын қалыптастыру» атты  тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Жоғарғы аттестация комиссиясының шешімімен 1999 жылы       Р.О.Нуркановаға педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2001 жылы Жоғарғы аттестация комиссиясының шешімімен доцент ғылыми дәрежесі берілді.

    Әр жылдарда  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің аға оқытушы, математикалық талдау кафедрасының доценті, Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ-нің жоғарғы математика кафедрасынның доценті, Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ-нің Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық және қабылдау орталығының директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің директоры қызметтерін атқарды.

    Р.О. Нурканова ғылыми- зерттеу жұмыстармен белсенді айналысады және әртүрлі халықаралық, республикалық семинарлар мен конференциялардың баяндамаларына баға береді. 100-ге жуық ғылыми және әдістемелік еңбектері бар.

  «Қазақ университеті» баспасынның жоғарғы сынып оқушыларына арналған ғылыми танымдық « Аl- Farabi.kz» журналының редакциялық алқасының тұрақты мүшесі болған. Осы журналда басылып шыққан бірнеше мақалалардың авторы.

                 

Әдіскер: Табылдиева Камила Жандосовна

Методист: Шаймұрат Азиза Есенқызы

тел. +7(727) 292-78-29, fpsie_kazast@mail.ru

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close