Без рубрики

Қазақ спорт және туризм академиясының №2 жатақханасында кітапхана бөлмесі ашылды.

Кітапхана студенттерге қажетті барлық оқулықпен, сондай-ақ әдеби, әлеуметтік, соңғы уақытта жарыққа шыққан жаңа заманауи кітаптармен жабдықталды. Студенттердің алаңсыз үй тапсырмаларын орындауы мен ақын-жазушылардың шығармашылығын оқуға бар мүмкіндікті жасаған білім ордасының басшылығына білім алушылар өз ризашылықтарын білдірді.

Жатақхана  күрделі жөндеуден өтіп, қонақ үй нақышынында қыркүйекте қайта жасақталған болатын. Жатақханада академияның 250-ден астам студенті тұрады. Айта кетейік, академия ректоры Бауыржан Закирьянов жақында студенттердің әр бөлмесіне су жаңа тоңазытқыштар сыйға тартқан болатын. Өз сөзінде ректор «Білім алуға келген студенттердің оқуда да, ғылыммен айналысуға, спортпен шұғылданып, толағай жетістіктерге жетуіне еш нәрсе кедергі болмауы керек» деді.

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close