6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

6В11102 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» бакалавриатының білім беру бағдарламасы (ББ) академияның әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау жөніндегі миссиясымен, мақсаттарымен, міндеттерімен және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму үрдістерімен салыстырылады. Ол жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, халықаралық және өңірлік деңгейдегі мейрамхана ісі мен мейманхана бизнесі саласындағы кәсіби стандарттар мен нормативтік-құқықтық құжаттардың, әлеуетті тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарының мазмұнын ескере отырып тұжырымдалған.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті қонақжайлылық индустриясы үшін заманауи маман дайындау болып табылады. Білім алушыларда қонақжайлылықтың белгілі бір секторы үшін құзыреттілікті тереңдетуге бағытталған қосымша бариста, сомелье, метродотель және т.б. курстардан өту мүмкіндігі бар, осылайша «мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» ББ меңгеру кезінде білім алушының кәсіби қалыптасуына ықпал етеді.

Осы білім беру бағдарламасының түлектері қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында тиімді қызметті қамтамасыз ететін әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерге ие, сондай-ақ кәсіби қалыптасуға және мансаптық өсу мен өзін-өзі дамытуға дайын, тез қайта даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аралас бағыттар бойынша дағдыларға ие.

Стейкхолдерлердің қатысуымен туризм және қонақжайлылық индустриясының жаңа үрдістеріне сәйкес «мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасын тұрақты дамыту жүзеге асырылуда.

Білім беру бағдарламасы

6В11102 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасын дамыту мен тәуекелдерді басқарудың стратегиялық жоспары

ББ жөніндегі Академиялық комитеттердің құрамы туралы бұйрық

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

MINOR каталогының бағдарламасы

Таңдау ( элективті) пәндер каталогы  2023-2024 оқу жылдарына

ЖОО пәндер каталогы 2023-2024 оқу жылдарына

Модулдық оқу жоспары 

Жұмыс оқу жоспары 1 курс – 2023

Жұмыс оқу жоспары 2 курс – 2023

Жұмыс оқу жоспары 3 курс – 2023

Жұмыс оқу жоспары 4 курс – 2023

Білім беру бағдарламасы жетекшісінің контакттары:

Агелеуова Айгуль Токтархановна, Туризм факультетінің деканы

Телефон: 87015509110

Электрондық поштасы: aigulinskaya@mail.ru

 

6В11102 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші кафедра

Туризм және сервис кафедрасы

Close