6В11103 Рекреация және спорттық – сауықтыру туризмі

6В11103 – «Рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі» бакалавриатының білім беру бағдарламасы (ББ) академияның әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау жөніндегі миссиясымен, мақсаттарымен, міндеттерімен және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму үрдістерімен салыстырылады. Ол жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, туризм саласындағы кәсіби стандарттар мен нормативтік-құқықтық құжаттардың, сондай-ақ әлеуетті тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарының мазмұнын ескере отырып тұжырымдалған. ББ іске асыру туризм және қонақжайлылық саласында жоғары білікті және сұранысқа ие бакалаврларды даярлауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі – туризм индустриясы кәсіпорындарының әртүрлі деңгейлерін басқару, туристік өнімді құру және жылжыту, туристік ұсынысты қалыптастыру, Қазақстанның туристік брендін бүкіл әлем бойынша танымал ету саласында кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыруға қабілетті рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі саласында заманауи маман даярлау болып табылады. Осы білім беру бағдарламасының түлектері туризм және қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында тиімді қызметті қамтамасыз ететін әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерге ие, сондай-ақ кәсіби қалыптасуға және мансаптық өсу мен өзін-өзі дамытуға дайын, тез қайта даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сабақтас бағыттар бойынша дағдыларға ие.

Стейкхолдерлердің қатысуымен Туризм және қонақжайлылық индустриясының жаңа үрдістеріне сәйкес «Рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі» білім беру бағдарламасын тұрақты дамыту жүзеге асырылуда.

Білім беру бағдарламасы 

Модулдық оқу жоспары 

ББ жөніндегі Академиялық комитеттердің құрамы туралы бұйрық

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

Жұмыс оқу жоспары 1 курс – 2023

Жұмыс оқу жоспары 2 курс – 2023

MINOR каталогының бағдарламасы

Таңдау ( элективті) пәндер каталогы  2023-2024 оқу жылдарына

ЖОО пәндер каталогы 2023-2024 оқу жылдарына

Білім беру бағдарламасы жетекшісінің контакттары:

Агелеуова Айгуль Токтархановна, Туризм факультетінің деканы

Телефон: 87015509110

Электрондық поштасы: aigulinskaya@mail.ru

 

6В11103 – «Рекреация және спорттық – сауықтыру туризмі» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші кафедра

Туризм және сервис кафедрасы

Close