Тарихпен танысу — тағылымды білімнің бастауы!

2026 жылғы 5 қазанда ФОС-25-17 және ФОС-25-19 топтарының студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіне танымдық экскурсия жасады. Экскурсияға «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Утегалиева А. Ж. жетекшілік етті.

Экскурсия барысында студенттер еліміздің бай тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы құнды мағлұматтар алып, музей қорындағы бірегей тарихи жәдігерлермен жақынырақ танысты.

Музейге бару оқу үдерісін толықтырып қана қоймай, студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен туған ел тарихына деген қызығушылықты арттырды.

Осындай танымдық іс-шаралар білімді тәжірибемен ұштастырып, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға маңызды үлес қосады.

Тарихын таныған ұрпақ — болашағын нық қалыптастырады!
WhatsApp Image 2026-10-06 at 13.36.36 (3)

WhatsApp Image 2026-10-06 at 13.36.36 (2)

WhatsApp Image 2026-10-06 at 13.36.36 (1)

WhatsApp Image 2026-10-06 at 13.36.36

WhatsApp Image 2026-10-06 at 13.36.37 (1)

WhatsApp Image 2026-10-06 at 13.36.37

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖