Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

Ұлттық құндылықтар тоғысқан республикалық форум

2026 жылдың 8 қазан күні Nomad International School мектеп базасында Қазақ спорт және туризм академиясы мен Nomad International School бірлесіп, SPORT CONSULTING FORUM қоғамдық бірлестігінің жұмысы аясында «Ұлттық спортты дамытудағы білім, ғылым және федерациялар ынтымақтастығы: дәстүр, дарын және заманауи тәжірибе» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық форум өткізді.
Іс-шара мектеп холында ұйымдастырылған тақырыптық көрмеден басталды. Қатысушылар Nomad International School мектебінің білім беру және спорттық инфрақұрылымымен танысты. Экскурсия барысында хореография, домбыра, шахмат және киберспорт кабинеттері, спорт залдары, үстел теннисі, бес асық пен тоғызқұмалақ алаңдары, бокс, дзюдо, күрес, жекпе-жек, каратэ және таеквондо залдары, садақ ату мен тир кешені, сондай-ақ футбол, волейбол және баскетбол алаңдары таныстырылды.
Практикалық бөлімде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі садақ ату және ләңгі тебуден шеберлік сабақтары өткізілді. Форумның ерекше мәдени бағдарламасында 140 оқушы домбырамен күй орындап, ұлттық өнер мен ұрпақтар сабақтастығын кеңінен дәріптеді.
Форумды Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы мен Sport Consulting Forum аясындағы Ұлттық спорт ғылыми кеңесінің төрағасы, Nomad arena атшабарының директоры Майлыбаев Ержан Құрманғалиұлы құттықтау сөздерімен бастады.
Форумда Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, п.ғ.д., Алимханов Елемес Алимханович, Nomad International School мектеп директоры Умешбаев Кульбай, Спорт ғылыми зерттеу институтының директоры Маженов Серікқазы Тұрсынбаевич, «Қазақ ұлттық спорт түрлері» кафедра меңгерушісінің орынбасары Көпжанов Ғалымжан Балықбайұлы ғылыми баяндама жасады.
Форум жұмысына ЖОО ғалымдары, «Құсбегілік» федерациясының, «Көшпенділердің асық спорты» халықаралық федерациясының, «Бәйге» халықаралық ат спорты ойындары және салт атпен жүру федерациясының, Қазақстан Республикасы «Тоғызқұмалақ спорты» федерациясының, «Жаппай көкпар», «Мергендер ордасы», «Жамбы ату», «Хан дойбы», «Әскери-қолданбалы спорт түрлері» бойынша ұлттық федерациялардың басшылары мен өкілдері және мектеп, спорт мектептері, спорт клубтардың басшылыры мен өкілдері, үздік спортшылар қатысты. Әр федерация атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Ғылыми-әдістемелік отырыста ұлттық спорттың тарихи-мәдени және тәрбиелік әлеуеті, білім беру мен дене тәрбиесін ұлттық ойындар арқылы кіріктіру, спорт федерацияларын ғылыми сүйемелдеу, спорттық дарындылықты дамыту және заманауи даярлау әдістерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Бұл форум ұлттық спортты ғылыми негізде дамытып, дәстүр мен заманауи тәжірибені ұштастыруға бағытталған маңызды кәсіби алаңға айналды.

WhatsApp Image 2026-10-13 at 13.17.58

WhatsApp Image 2026-10-13 at 13.17.59

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖