
Алматыда «Sport Consulting Forum» қоғамдық бірлестігінің тұсаукесері өтеді
2026 жылғы 29 сәуірде Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясы базасында жаңа қоғамдық бірлестік — «Sport Consulting Forum» ұйымының таныстырылымы және құрылтай конференциясы өтеді.
Аталған ұйым мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық олимпиадалық комитет және спорт федерацияларының қызметін қайталамайды. Бұл — спорт саласын ғылыми тұрғыда дамытуға бағытталған тәуелсіз сараптамалық алаң.
«Sport Consulting Forum» қызметінің негізгібағыттары:
* спорттағы дарынды балаларды ғылыми негізде анықтау;
* спортшыларды халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарына дайындауды ғылыми сүйемелдеу;
* жаттықтырушылар мен спорт мамандарын даярлау жүйесін жетілдіру;
* ғылым, білім және спорт тәжірибесін интеграциялау.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, спорт қауымдастығы, сондай-ақ Қазақстанның даңқты спортшылары — Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері қатысады.
Құрметті қонақтар қатарында:
* Нелли Ким — бес дүркін Олимпиада чемпионы;
* Владимир Смирнов — шаңғы жарысынан Олимпиада чемпионы;
* Евгений Яровенко — футболдан Олимпиада чемпионы;
* Ислам Байрамуков — Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;
* Ермахан Ибраимов — бокстан Олимпиада чемпионы;
* Ольга Шишигина — жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы.
Тұсаукесер барысында академия президенті:
Қайрат Закирьянов баяндама жасайды.
Конференция аясында спортшыларды даярлаудың жаңа экожүйесін қалыптастыру туралы жарияланып, халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған ұзақмерзімді даму стратегиясы ұсынылады.
Басты мақсаттардың бірі — 2044 жылға қарай Қазақстанда әлемдік деңгейдегі спорттық білім мен ғылым орталығын қалыптастыру.
⸻
Өтетін күні: 29 сәуір 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Алматы қ., Қазақ спорт және туризм академиясы (Абай даңғылы, 85)
⸻
БАҚ үшін байланыс:
Қазақ спорт және туризм академиясының баспасөз қызметі
Амангуль Хамидолла
+77014061707





