Без рубрики

Alem бағдарламалау мектебі

2019 жылдың 12 желтоқсан күні Қазақ  спорт және туризм академиясында Alem бағдарламалау мектебінің  презентациясы өтті. Академия студенттерінің алдында мектеп абитуриенті Мирас Қуандық пен жұмыс беруші, инвестициялық компанияның құрылтайшысы Санжар Тәжібаев сөз сөйледі. Жастар осы мектепте оқуға түсу мен оқудың барлық артықшылықтарын студенттерге өте әсем әрі толық жеткізді.
Соның ішінде:
Alem-болашақ мектебі. Мұнда сіз пікірлестер командасында кәсіби бағдарламашы боласыз.
Мұнда дәрістер де, мұғалімдер де, бағалар да жоқ. Оқу үдерісі студенттердің коллооборациясында, нақты міндеттерді шешуде және командалық жобаларды іске асыруда құрылған.
Дербестендірілген оқыту құпталады. Сіз түрлі бағыттар бойынша жобаларды өзіңіз таңдайсыз: 1) algo basics, 2) web-basics, 3) system basics 4) graphics basics сол бағыттар бойынша жобаларды қорғайсыз және өз ырғағында үйренесіз.

Сіз өзіңіз табысқа жауап бересіз. Бұл мектепте Сіз үшін барлық жағдайлар жасалған: тегін оқыту және тұру, дарынды және өршіл студенттердің жан-жақты коммьюнити, сондай-ақ 42 Француз бағдарламалау мектебі базасында Үздік оқу бағдарламасы.

Осы мектептің артықшылықтары:
1. Тегін оқыту
Тегін оқыту және қандай да бір академиялық талаптардың болмауы мектепке әлеуетті студенттер шеңберін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді. Ал қатаң іріктеу үздіктерді таңдауға мүмкіндік береді.
2. Peer learning
Дарынды адамдармен оқу сізге одан да жақсы болуға көмектеседі. Бұл жай ғана емес , мұнда жүздеген пікірлестер болады!
3. 100% практика
Мектеп практиктерді дайындайды. Alem – де оқу кезінде сіз middle бастап senior әзірлеуші атағын алу үшін жеткілікті жобаларды жасайды.
4. Жұмысқа орналастыру
Сізге тек бағдарламалауды және командада жұмыс істеуді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар сіздің мансабыңызды бастау үшін дұрыс компанияны таңдауға көмектеседі.

WhatsApp Image 2019-12-12 at 16.33.02 WhatsApp Image 2019-12-12 at 16.33.03 (1)

WhatsApp Image 2019-12-12 at 16.33.04 WhatsApp Image 2019-12-12 at 16.33.03

Close