Без рубрики

Докторантураға түсушілерге арналған ақпарат.

Қазақ спорт және туризм академиясында төмендегідей білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға қабылдау жүзеге асырылады:

D005-Дене шынықтыру педагогтарын даярлау;

D143-Туризм.

Құжаттарды қабылдау және оларды Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ақпараттық жүйесінде тіркеу ағымдағы жылғы 3 шілде мен 3 тамыз аралығында жүргізіледі.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

1) ҚазСТА басшысының атына өтініш;

2) бакалавриат, магистратура деңгейіндегі білім туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) бағдарламалар бойынша шет тілін (ағылшын ,неміс, француз) меңгергендігін растайтын электрондық сертификат:

– International English Language Test System (IELTS, шекті балл – 5,5 кем емес),

– IELTS INDICATOR (АЙЛТС индикаторы) шекті балл – 5.5 кем емес,

– Test of English as a Foreign Language InstitutionalTestingProgramm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи)  шекті балл – 460-тан кем емес,

– Test of English as a Foreign Language InstitutionalTestingProgramm Internet-based Test (TOEFL IBT) шекті балл – 46-дан кем емес,

– Test of English as a Foreign Language Paper-basedtesting (TOEFL PBT) шекті балл – 453-тен кем емес,

– Deutsche SprachpruеfungfuеrdenHochschulzugang (DSH, Niveau В2/ В2 деңгейі),

– TestDaF-Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі),

– Test deFranзais International™  (TFI – оқу және аудиттеу секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес,

– Diplomed’EtudesenLanguefranзaise (DELF, B2 деңгейі),

– DiplomeApprofondideLanguefranзaise (DALF, В2 деңгейі),

– Test deconnaissancedufranзais (TCF –50 баллдан кем емес).

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/у   медициналық анықтама).

6) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;

8) соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, зерттеу тақырыбының негіздемесі және басқа құжаттар).

Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда, қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Докторантураға кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі және “магистр” дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсу емтихандары ағымдағы жылғы 4-20 тамыз аралығында Өңірлік тестілеу орталықтарының (РЦТ) базасында компьютерлік форматта өткізіледі. Докторантураға қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін.

Докторантураға түсу емтиханының уақыты – 4 сағат, осы уақыт ішінде оқуға түсуші эссе жазады, ОМО тапсырады, 3 сұрақтан тұратын электрондық емтихан билетіне жауап береді. Сұрақтар тізбесі мен эссе тақырыбы оқуға түсуші авторизацияланғаннан кейін кездейсоқ тәртіппен қалыптастырылады.

Оқуға түсу емтихандарын тапсыру күні мен уақыты, орны оқуға түсушілердің назарына ҰТО сайтындағы жеке кабинеті арқылы жеткізіледі.

Докторантураға түсу емтиханын бағалау: эссе-20 балл, докторантурада оқуға дайындыққа тест тапсыру – 30 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан – 50 балл.

 

Close