Дене шынықтыру және спорттың теориялық негіздері кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

«Дене мәдениеті мен спорттың теориялық негіздері» кафедрасы болашақ дене шынықтыру және спорт саласы мамандарын даярлауда теория мен практиканы біріктіру қағидатына негізделген ғылыми-зерттеу қызметін жүйелі түрде жүзеге асырады. Кафедраның ғылыми жұмыстары спортшыларды даярлаудың теориялық, әдіснамалық және әдістемелік салаларын қамтиды.

Кафедраның ғылыми бағыты аясында жыл сайын «Білім беру, дене шынықтыру, спорт және туризмдегі инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Қазақстан спорт психологтарының республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар «Жас қанат» ғылыми үйірмесі шеңберінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Кафедра құрамында 3 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 6 педагогика ғылымдарының кандидаты, 6 PhD докторы қызмет атқарады. Үш оқытушы Қазақстан спорт және туризм академиясының докторантурасында білім алуда. Аға оқытушы Жидовинова А.В. Болгарияның София қаласындағы Васил Левски атындағы Ұлттық спорт академиясында PhD диссертациясын қорғау үстінде.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік нұсқаулар жариялайды. Атап айтқанда, кафедра меңгерушісі PhD Белегова А.А. «Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениеті: теориясы мен практикасы» атты монографиясын жарыққа шығарды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хаустов С.И «Воспитание силы в гармоническом совершенствовании человека» (2023) монографиясын жариялады.

PhD Сураншиева М.К. кафедра оқытушыларымен авторлық бірлестікте «Әлеуметтік педагогика» оқу құралын және «Кіріктіре оқыту технологиясының сипаты» ғылыми-әдістемелік нұсқаулығын,  әзірледі. Аға оқытушы Голоха Л.И. бастаған авторлық ұжым бірлесіп «Повышение технической подготовленности спортивного резерва в водном поло», «Повышение технической подготовленности спортивного резерва в плавании», «Повышение технической подготовленности спортивного резерва в артистическом плавании», «Совершенствование психолого-педагогического сопровождения подготовки спортивного резерва в водных видах спорта Республики Казахстан»  атты ұсынымдар сериясын шығарды. Қауымдастырылған профессор Купербаева А.Ж. әріптестерімен бірге «Психология» оқу құралын жариялады. Профессор Андрущишин И.Ф. «Ауыр атлеттердің қызметін эксперименталды психологиялық-педагогикалық зерттеу» монографиясын, ал аға оқытушы Балтина А.С., Искаков Т.Б.  «Балалар мен жасөспірімдер мектебіне арналған дзюдо күресінен оқу-жаттығу үдерісі» оқу-әдістемелік құралын жарыққа шығарды.

ЖАК доценті Тастанов А.Ж. қазақ тіліндегі «Жоғарғы оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу», «Жеңіл атлетикадағы спорттық жүріс түрін үйретудің теориялық және әдістемелік негіздері», «Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды волейбол ойынына үйрету әдістемесі» секілді бірқатар оқу құралдарының авторы, оның ішінде жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және спорт түрлерін оқыту әдістемесіне арналған еңбектер бар.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы спорт және білім беру ұйымдарымен жасалған шаруашылық шарттар аясында екі ғылыми жобаны іске асыруда:

– Мектептердегі дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру және білім сапасын бағалаудың теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздері;

– Футболшылардың менталдық тұрақтылығын қалыптастыру: дайындық бағдарламасын құрудың басқарушылық және психологиялық аспектілері.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік журналдарда, Scopus және Web of Science дерекқорларына енгізілген басылымдарда, халықаралық ғылыми конференциялар материалдарында тұрақты түрде жарияланып келеді.

«Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасы – болашақ мамандарды даярлаудың заманауи үдерістеріне бағдарланған, жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуетке ие орталық. Профессор-оқытушылар құрамының халықаралық және республикалық конференцияларға белсенді қатысуы, академиялық мобильділік бағдарламалары мен жетекші ғылыми журналдардағы жарияланымдары кафедраның дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылымды дамыту мен инновацияларды қолдауға бағытталған тұрақты ұмтылысын көрсетеді

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма