ПОҚ-тың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

2023 жылдың 18-23 сәуір аралығында Эразмус+ бағдарламасы бойынша Литва спорт университетінің оқытушылары, кинезотерапия бойынша жетекші мамандар                     социология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Вида Оставичене  және және спорттық эдукология магистрі Аида Венгале ҚазСТА білім алушылары мен  ПОҚ үшін дәрістер оқыды және шеберлік сыныптарын көрсетті.

2023 жылдың мамыр айында Эразмус+ бағдарламасы бойынша PhD докторы,                      «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының аға оқытушысы, Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Л.И. Шалабаева Гранада университетіне (Испания) барды, «Психология» бойынша дәріс оқып, университеттің шетелдік жұмысымен танысты, одан әрі академиямен жұмыс жоспарын анықтау үшін    ЖОО басшылығымен кездесті.

19.09.2023-23.09.2023 аралығында «Спорт менеджменті» пәні бойынша дәрі курсын PhD докторы, Быдгощтағы (Польша) Экономика жоғары мектебінің профессоры Скалий Александр оқыды.

09.10.2023-13.10.2023 «Анатомия, физиология және спорттық медицина» кафедрасының доценті, б.ғ.к., 2015 жылғы ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы, Лесбекова Рыскуль Борановна, «Дене шынықтыру және спорттың физиологиялық негіздері» тақырыбы бойынша Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (Астана қ., ҚР) білім алушылары мен ПОҚ үшін дәріс курсын оқыды.

19.10.2023 п.ғ.к., Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті (Беларусь Республикасы) Сорока Оксана Геннадьевна                   ҚазСТА магистранттарына педагогикалық пәндер бойынша дәріс курсын оқыды.

30.10.2023-04.11.2023 аралығында Эразмус+ бағдарламасы бойынша PhD докторы, Литва спорт университетінің профессоры (Каунас қ., Литва) Римантас Микалаускас ҚазСТА білім алушыларына дәріс курсын оқып, «Спорт менеджменті» бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті,

ПОҚ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

«Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасында п.ғ.д., профессор Андрущишин И.Ф. жетекшілігімен Еділ дене шынықтыру, спорт және туризм университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Усманова З.Т. «Спортшыларды психологиялық сүйемелдеу» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Close