ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СТУДЕНТІ ӘЛИЖАН АБЛАҒАТОВ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Әлижан Аблағатов XX Азия ойындарында ушу-саньдадан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Жартылай финалда Әлижан ирандық Эрфан Мохаррами Пирагомен кездесіп, тартысты жекпе-жек қарсыласының пайдасына аяқталды. Нәтижесінде отандасымыз Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, Қазақстан қоржынына ушудан осы ойындардағы алғашқы медальді салды.

Бұл жетістік – табандылықтың, тынымсыз еңбектің және жеңіске деген жігердің нәтижесі.

Академиямыздың мақтанышы Әлижан Аблағатовты айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.42.48 (3)

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.42.48 (2)

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.42.48 (1)

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.42.48

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖