Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Галич университетіне байқау

ҚазСТА «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттеріне арналған Галич университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға арналған байқаудың басталғаны туралы хабарлайды. Галич университетіндегі «Спорттық менеджмент» оқу бағдарламасы бойынша 3 орын.

Оқу шарттары:

Оқыту тілі: ағылшын

Оқу мерзімі – 1 семестр

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. ҚазСТА күндізгі бөлімнің 2 курс білім алушылары;
  2. ҚазСТА-да академиялық кезеңді сәтті аяқтаған білім алушылар;
  3. Ағылшын тілін білу (IELTS, TOEFL сертификаттарын растау).

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:

  1. Үлгерімнің орташа балы (GPA 3,5-тен кем емес);
  2. Білім беру және ғылыми қызметте жетістіктердің болуы;
  3. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаттар (бар болса)

Құжаттар тізімі:

  1. Өтініш;
  2. Транскрипт;
  3. 3х4 форматтағы фото (4 дана);
  4. Шетелдік паспорттың көшірмесі;
  5. Жеке куәліктің көшірмесі;
  6. Грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері, бар болса;

7.Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат                                (IELTS, TOEFL) бар болса.

Түркияда оқу бағдарламасының құнына әуе саяхаты, тұру және виза, медициналық сақтандыру шығындары кірмейді.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі – Сембаева Алия.

2 қабат, 223 кабинет, тел.: 8 (727) 292 68 84

 

Close