
2026 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға арналған конкурстың басталғанын жариялады. Конкурс ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады: https://scicontest2026.kz.
Сыйлық алуға үміткердің ғылыми жетістіктері «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына сәйкес (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035570) төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәрежесінің болуы;
2) Уәкілетті орган берген ғылыми атағының болуы;
3) Таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
4) Таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелерінің болуы және сапасы (мақалалар және (немесе) шолулар, отандық және шетелдік журналдарда жарияланған монографиялар, оның ішінде монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
5) Таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;
6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
2026 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығына арналған конкурс туралы толық ақпаратты, сондай-ақ сыйлық алуға үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштерін төмендегі сілтеме бойынша алуға болады:
https://www.gov.kz/org/science/press/news/details/1324354?lang=ru





