
2026 жылғы 19 қарашада Қазақ спорт және туризм академиясының Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі «Спорттық жаттығу құрылғыларының идеялары мен әзірлемелерін қалай қорғауға болады» тақырыбында вебинар өткізді.
Іс-шараның спикері ретінде Қазақстан Республикасының және Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкілі, техника ғылымдарының кандидаты Акишев Нурлан Кенжебаевич сөз сөйледі.
Вебинарға кафедра меңгерушілері мен ғылыми жұмысқа жауапты тұлғалар, профессорлық-оқытушылар құрамы, академияның магистранттары мен докторанттары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар зияткерлік меншікті қорғау тетіктері, сондай-ақ өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат алды. Спорттық жабдықтар мен жаттығу құрылғылары саласындағы әзірлемелерді құқықтық қорғаудың өзекті мәселелеріне, өнертапқыштардың құқықтарын қамтамасыз етуге және патенттік құжаттаманы рәсімдеудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Вебинар аясында спикер зияткерлік әзірлемелерді қорғау бойынша өзекті ұсынымдарын ұсынып, теориялық материалды кәсіби тәжірибесінен алынған нақты мысалмен толықтырды. Бұл қатысушыларға патенттеудің ерекшеліктері мен зияткерлік қызмет нәтижелеріне авторлық және айрықша құқықтарды қорғау тәсілдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Вебинар қорытындысы бойынша Қазақ спорт және туризм академиясының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Гүлсін Уәлиевна Кенжебекова спикерге мазмұнды баяндамасы, құнды ұсынымдары және материалды практикалық тұрғыдан ұсынғаны үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, ол Н.К. Акишевпен алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік танытып, академияның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларына зияткерлік меншікті қорғау және авторлық құқық мәселелері бойынша бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу мен практикалық консультациялар ұйымдастырудың перспективаларына сенім білдірді.
Осындай іс-шараларды өткізу Қазақ спорт және туризм академиясында ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, инновациялық қызметті дамытуға және зияткерлік меншікті қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.









