
2026 жылғы 15 сәуірде Қазақ спорт және туризм академиясының қазақ және орыс тілдері кафедрасы «Спорттық тәжірибедегі командалық жұмыс және көшбасшылық» тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы республикалық байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты — болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру, кәсіби қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы студенттерінің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру.
Байқауға Қазақстан Республикасының бейіндік жоғары оқу орындарының командалары қатысты:
• «НОМАД» — І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
• «ТАРЛАН» — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қ.)
• «ТҰЛПАР» — Қазақ спорт және туризм академиясы
• «СӨЗ БЕН СПОРТ КҮШІ» — Қазақ спорт және туризм академиясы
• «ҚЫРАН» — Қазақ спорт және туризм академиясы
Байқау үш бағыт бойынша өткізілді:
1. «Мен — болашақ жаттықтырушымын: командамен қалай жұмыс істеймін» — шешендік өнер сайысы
2. Кәсіби диалог (рөлдік ойын)
3. «Кәсіби терминді түсіндір»
Қазылар алқасының құрамы:
1. Қонақбаев Бақытбек Мұхаметханович — Қазақ спорт және туризм академиясы кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің деканы
2. Қожамжаров Талғатбек Тілегенович — Қазақ спорт және туризм академиясы ҰСТ және күрес кафедрасының меңгерушісі
3. Хайдаров Хайрболат Саламатович — Қазақ спорт және туризм академиясы олимпиадалық спорт факультетінің деканы
4. Омаров Ернар Ержанович — Қазақ спорт және туризм академиясы футбол кафедрасының меңгерушісі
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға қатысушы сертификаттары табысталды.
Қазақ спорт және туризм академиясының қазақ және орыс тілдері кафедрасы барлық командаларға белсенді қатысқаны және жоғары кәсіби деңгей көрсеткені үшін алғыс білдіреді.













