
2026 жылы 1 қыркүйекте Қазақ спорт және туризм академиясында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Тебегенова Эльвира Темірханқызы академияның студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына «Конституция – ел дамуының жаңа белесі» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын түсіндірумен қатар, еліміздегі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістер, мемлекеттік-құқықтық реформалар және қоғамның жаңғыру бағыттары туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру болды.
Баяндама барысында Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі және қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қазіргі кезеңдегі конституциялық өзгерістер мен мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңарулар, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру және азаматтық қоғамның дамуы мәселелері қозғалды.







