
2026 жылғы 4–6 мамыр аралығында Қазақ спорт және туризм академиясының зерттеу тобы (Агелеуова А.Т., Кадырбекова Д.С., Дюсекеева Е.Т.), сондай-ақ «Туризм» білім беру бағдарламасының докторанттары ERASMUS+ DIANA — «Қазақстан мен Өзбекстанда ауылдық туризм кәсіпкерлігін дамыту және енгізу арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» жобасы аясында ұйымдастырылған халықаралық онлайн Training of Trainers (ToT 1) тренингіне қатысты.
Үш күндік бағдарлама барысында қатысушылар ауылдық туризмді дамытудың заманауи үрдістерін, аумақтарды тұрақты дамыту тетіктерін, стейкхолдерлер арасындағы өзара іс-қимылды және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мәселелерін зерделеді. Сонымен қатар, заманауи білім беру тәсілдері мен оқыту әдістемелеріне ерекше назар аударылды.
Бағдарлама спикерлері қатарында Portucalense University, University of Lisbon, University of Aveiro, Hochschule Wismar университеттерінің халықаралық сарапшылары мен өкілдері болды. Жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылуда.
#DianaCBHE #ErasmusPlus #CBHE #WomenEmpowerment #RuralTourism #SustainableDevelopment #Entrepreneurship #CapacityBuilding #Kazakhstan #Uzbekistan














