Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

QAZCOPYRIGHT ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ

Қазақ спорт және туризм академиясының Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформа – QazCopyright жүйесінің іске қосылуына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтетінін хабарлайды.
QazCopyright платформасы авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы қызметтерге бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ететін сараптамалық ұйымның цифрлық жүйесі болып табылады.
Кездесуді «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (ҰЗМИ) 2026 жылғы 11 қарашада гибридті форматта (офлайн және онлайн) ұйымдастырады.
Кездесу барысында қатысушылар QazCopyright платформасының функционалдық мүмкіндіктерімен танысып, оны пайдалану тәртібі бойынша түсіндірмелер ала алады, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқықтарды тіркеу, басқару және қорғау мәселелеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Ол үшін төмендегі сілтеме бойынша электрондық нысанды толтыру қажет:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfVO8l3CGdtGg0zRbCZTv6E8Hn9cbUY_AgEnRdeBzZjqZemBA/viewform?usp=dialog
Іс-шара туралы ақпарат:
📅 Өткізілетін күні: 2026 жылғы 11 қараша, сәрсенбі
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47, Әділет департаментінің ғимараты, 5-қабат, Қазпатент филиалы.
💻 Өткізу форматы: гибридті (офлайн қатысу және онлайн қосылу).
Академияның барлық мүдделі қызметкерлері мен оқытушыларын іс-шараға қатысуға және QazCopyright жаңа цифрлық платформасының мүмкіндіктерімен танысуға шақырамыз.

WhatsApp Image 2026-11-10 at 14.49.58

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖