
2026 жылғы 22 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясында жастарды патриоттық тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отандық футбол тарихын насихаттау мақсатында танымдық іс-шара өтті.
Кездесуге Академия өкілдері, оқытушылар, студенттер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Спорт журналисті әрі тарихшы Станислав Серікұлы Сәрсеков «Тарих қалай болды: қазақстандық футболдың ұлы матчтары» тақырыбында баяндама жасап, қазақ футболының қалыптасуы мен дамуы, «Қайрат» футбол клубының жетістіктері және Семей қаласының футбол тарихындағы орны туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы директорының орынбасары Салтанат Амантайқызы Мұқатаева қатысушыларға музей туралы бейнешолу ұсынып, Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты рухани-мәдени мұрамен таныстырды.
Кездесу барысында тарихи бейнематериалдар мен мұрағат кадрлары көрсетіліп, ұлттық құндылықтар, тарихи жады және ұрпақтар сабақтастығының маңызы талқыланды









