
28–30 тамыз аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында сурдо дзюдодан Grand Slam – «Үлкен дулыға» халықаралық жарысы өтті.
Аталған дүбірлі додада Қазақ спорт және туризм академиясы Күрес кафедрасының студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады:
Егембердиева Эвелина — 63 кг
Крамова Анна — 70 кг
Хапизов Сабыржан — +100 кг
Жеңімпаздарымызды және жүлдегерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл — студенттеріміздің табандылығы мен қажырлы еңбегінің, жаттықтырушылары мен ұстаздарының кәсіби еңбегінің жемісі!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Қазақстан көк туын көкке көтере беріңіздер!
Жеңістеріңіз көп болсын! Алға, Академия!






