
Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі Қазақ спорт және туризм академиясының профессорлық-оқытушы құрамыны және докторанттарды «ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» ЖУРНАЛЫНДА ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУҒА ДАЙЫНДАУ» атты семинарға шақырады. Бұл журнал ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған негізгі ғылыми нәтижелерді жариялауға арналған басылымдар тізіміне кіреді.
Семинарда спикер ретінде «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» ғылыми-теориялық журналының бас редакторы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Авсиевич Виталий Николаевич сөз сөйлейді.
Іс-шара барысында жариялауға ұсынылатын ғылыми мақалалардың құрылымы мен талаптарына түсініктеме беріліп, редакциялық кеңес тарапынан жарияланымдарды іріктеу критерийлері, ғылыми мақаланың сапасын арттыруға арналған практикалық кеңестер ұсынылады. Семинар соңында журналдың бас редакторы қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Өз зерттеулеріңіздің материалдарын жариялауда құнды ұсыныстар алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз және жарияланымдық белсенділігіңізді арттырыңыз.
Өтетін күні: 2026 жылдың 14 қазаны
Өтетін уақыты: 15:30
Өтетін орны: Бас корпус, 218 кабинет
Семинар оффлайн форматта өтеді.






