«Халық Конституциясы – әділетті қоғамның негізі» атты ашық дәріс өтті

2026 жылы 17 сәуірде Қазақ спорт және туризм академиясында «Халық Конституциясы – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. Бұл дәріс жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.
Ашық дәрістің мақсаты – Халық Конституциясының қоғамдағы рөлін түсіндіру, құқықтық мемлекет қағидаттарын насихаттау және әділетті қоғам құрудағы негізгі құндылықтарды айқындау болды. Сонымен қатар, білім алушылардың елдің конституциялық құрылымына деген қызығушылығын арттыру және құқықтық білімін тереңдету көзделді.
Ашық дәріс Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Дәрісті Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тебегенова Эльвира Темірханқызы өткізді.
Іс-шара барысында студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасты. Кездесу еркін әрі мазмұнды түрде өтіп, қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.

DSC04293

DSC04282

DSC04274

DSC04269

DSC04263

DSC04240

DSC04222

DSC04217

DSC04209

DSC04142

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма