
2026 жылғы 01-31 мамыр аралығында Қазақ спорт және туризм академиясының КеАҚ-да «Күміс университет» бағдарламасы шеңберінде аға буын адамдарының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.
36 сағат көлемінде 70 тыңдаушыға алты курс өткізілді:
«Silver Teachers: Қазақ тілін дамыту» – Қазақ және орыс тілдері кафедрасы; «Компьютерлік сауаттылық» – Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасы; «Каратэде, цигунда, тайчиде тыныс алу жаттығулары» – Бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жегі кафедрасы; «Үстел теннисін оқыту әдістемесі» – Спорт ойындары кафедрасы, «Тұрақты туристік экскурсиялық қызметтің негіздері» – Туризм және сервис кафедрасы; «Learning English without limits» – Әлемдік тілдер кафедрасы.
Бағдарламаны игеру соңында курс тыңдаушыларының, кафедра меңгерушілерінің, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде сертификаттар тапсыру рәсімі өтті.















