«Спортшыларды бір жылдық даярлаудың құрылымы, мазмұны және кезеңдендірілуі: дәстүрлі тәсілдер мен заманауи сын-қатерлер»

2026 жылдың 20 мамырында әлемге танымал ғалым Владимир Николаевич Платоновтың «Спортшыларды бір жылдық даярлаудың құрылымы, мазмұны және кезеңдендірілуі: дәстүрлі тәсілдер мен заманауи сын-қатерлер» тақырыбындағы дәрістер циклінің қорытынды семинары өтті.
Дәрістер циклі Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығының бастамасымен Қазақ спорт және туризм академиясы тарапынан ұйымдастырылдыСеминарлар спорт жоғары оқу орындарының қызметкерлері, жаттықтырушылар және жоғары жетістіктер спорты саласындағы мамандар үшін ұйымдастырылды. 2026 жылдың ақпан–мамыр айлары аралығында ай сайын өткізілді.
Аталған семинарларға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің мүдделі мамандары қатысты. Семинарларға қатысқан барлық тыңдаушыларға келесі тақырыптар бойынша көлемі 72 сағаттық біліктілікті арттыру бағдарламасынан өткені туралы сертификаттар табысталады:
1. Жоғары жетістіктер спорты: мәселелері мен перспективалары.
2. Спортшының қимыл-қозғалыс қасиеттері (күш, жылдамдық, икемділік, ептілік, үйлесімділік, төзімділік) және оларды дамыту әдістемесі.
3. Спортшыларды көпжылдық даярлаудың заманауи модельдері: құрылымы, мазмұны, мәселелері мен перспективалары.
4. Спортшыларды жылдық даярлаудың құрылымы, мазмұны және кезеңдендірілуі: дәстүрлі тәсілдер мен заманауи сын-қатерлер.
2026 жылдың мамыр айының соңында Түрікменстанда белгілі ғалым Владимир Николаевич Платоновтың семинарлар цикліне қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақ спорт және туризм академиясының серіктесі болып табылатын Түрікмен мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтының 19 өкілі вебинарларға қатысып, жоғары жетістіктер спортының өзекті мәселелері мен жоғары білікті спортшыларды даярлау жөніндегі маңызды ақпараттармен танысты.
WhatsApp Image 2026-06-04 at 12.52.27

WhatsApp Image 2026-06-04 at 12.52.27 (8)

WhatsApp Image 2026-06-04 at 12.52.27 (7)

WhatsApp Image 2026-06-04 at 12.52.27 (6)

WhatsApp Image 2026-06-04 at 12.52.27 (5)

WhatsApp Image 2026-06-04 at 12.52.27 (4)

WhatsApp Image 2026-06-04 at 12.52.27 (3)

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма