Туризм факультетінің тәрбие жұмысы бойынша эдвайзерлерінің жылдық есебі

2026 жылғы 26 мамыр күні акт залында Туризм факультетінің тәрбие жұмысы бойынша эдвайзерлерінің жылдық есебі өтті. Есеп беру барысында 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытындылары шығарылып, студенттердің оқу, ғылыми, қоғамдық және мәдени салалардағы жетістіктері таныстырылып, жүзеге асырылған іс-шаралар мен жобаларға талдау жасалды.

Факультет жұмысында болашақ туризм саласының мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, қызмет көрсету мәдениетін жетілдіруге, патриоттық тәрбиеге және студенттердің университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына ерекше көңіл бөлінді. Кездесу аясында эдвайзерлер білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталған тәрбие, кәсіби бағдар беру және мәдени-көпшілік іс-шараларының нәтижелерімен бөлісті.

Есептік іс-шара қорытындысы бойынша Туризм факультетінің алдағы тәрбие жұмыстарының басым бағыттары айқындалып, келесі оқу жылына арналған жаңа бастамалар белгіленді.WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.35.34

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.35.34 (4)

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.35.34 (3)

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.35.34 (2)

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.35.34 (1)

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.35.33

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма