Без рубрики

“Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері” тақырыбындағы Онлайн-вебинар

2024 жылғы 12 қарашада ҚР Әділет министрлігінің “ҰЗМИ” РМК (QAZPATENT) Қазақ спорт және туризм академиясында “Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері”тақырыбында онлайн-вебинар өткізілді. Аталған іс-шараға проректорлар, кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары, Академияның ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.

Іс-шараны “НИИС” РМК IPR орталығының (зияткерлік меншік құқықтары орталығының) маманы Дүйсебаева Малика ашты.

Бекітілген вебинар бағдарламасына сәйкес “ҰЗМИ” РМК басшылары мен қызметкерлері келесі тақырыптарды ашты:

– Республикада авторлық құқықты тіркеу;

– Қазақстандағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу;

– Зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру;

– Зияткерлік меншікті қорғау.

Вебинардың мақсаты Қазақстан Республикасында авторлық құқықты тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және қорғау мәселелерінде теориялық және практикалық тұрғыдан жекелеген проблемаларды ашу болды.1

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close