Без рубрики

Тағылымды кездесу

       ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Асыл арна» телеарнасының директоры, ақын Мұхамеджан Тазабеков Академияда қонақта

         29 қараша күні Қазақ спорт туризм академиясында «Ұлы даланың жеті қыры» деген Елбасы  мақаласын талдау мақсатында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Асыл арна» телеарнасының директоры, ақын Мұхамеджан Тазабековпен кездесу болып өтті. Академияның медиа-орталығы ұйымдастырған сыр-сұхбатқа оқу орынның Президенті Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов, Бірінші проректор Мұхтар Зайнолдаұлы Есқалиев және студенттер мен оқытушылар қатысты.
Медиаорталық тарапынан жиі өткізіліп тұратын тұлғалармен жүздесулер, ақын-жазушы, журналистермен, өнер иелерімен өткізілетін кездесулер академияда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бір парасы ғана. Елбасы мақаласын талқылау мақсатында ұйымдастырылған тағылымы мол шарада қазақтың қыз-жігіттерінің ұлағатты ел азаматы болып қалыптасуына үлес қосып келе жатқан Мұхамеджан Тазабеков студент-жастарға тәлімі мол әңгімелер айтты.
Кездесу барысында Мұхамеджан Тазабековтың жастар тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы жайында, сондай-ақ еліміздің табысты өркендеуі жолында бабалардан қалған ізгі дәстүрлер мен құндылықтар негізі руханиятты сақтап, жаңғыртып, толықтырып отыруымыздың маңыздылығы жайында тілге тиек еткен әсерлі әңгімесі жастарды рухани тұрғыдан жігерлендірді. Мазмұнды кеш көңілі ояу, санасы биік, білімді де өнерлі, өр тұлғалы, патриот жастарды тәрбиелеуде өз септігін тигізді.

DSC_4951 (1) DSC_4922 (1) DSC_4922

Close