Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Без рубрики

Қазақ спорт және туризм академиясы мен Беларусь олимпиадалық академиясы өкілдерінің маңызды кездесулері Минск қаласында өтті  

Ғылыми іссапар аясында Қазақ спорт және туризм академиясы өкілдері Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің базасында 2023 жылдың 27 наурызында «Беларусь олимпиадалық академиясы» ұйымдастырған «Беларусь Республикасының Білім беру жүйесіндегі олимпиадалық білім берудің теориясы мен практикасы» семинар-кеңесіне қатысты. Семинар-кездесу барысында төмендегідей маңызды іс-шаралар талқыланып өз шешімін тапты:

Гуслистова Ирина Иосифовна, Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің спорттық-педагогикалық факультетінің деканы, доцент «Беларусь олимпиадалық академиясы»  Президиумының Төрағасы «Балалар мен жастардың құндылық бағдарлары мен ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда олимпиадалық қозғалыстың әлеуетін пайдалану» тәжірибесімен бөлісті.

Апончук Наталья Валерьевна, «Беларусь олимпиадалық академиясы»  директоры осы саланың білім беру жобаларын ұсынды.

«Беларусь олимпиадалық академиясы» Президиумының мүшесі, Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің спорттық – педагогикалық факультеті деканының орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі Захаревич Анна Александровна «Мектеп жасына дейінгі балаларға олимпиадалық білім беру бойынша іс-шараларды ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер» туралы баяндама жасады.

Белая Галина Иосифовна – «Плещеница мемлекеттік облыстық олимпиадалық резерв мектебі-училищесі» білім беру мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Олимпиадалық білім беру жобаларын іске асыру тәжірибесі» тақырыбында маңызды тәжірибелерімен бөлісті.

«Дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шеңберінде олимпиадалық білім беруді іске асыру» тақырыбында  Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің, оқытушыларды қайта даярлау институтының директоры Олег Иванович Луцевич баяндама жасады.

«Олимпиадалық білім беруді Қазақстан Республикасының мектеп жұмысының жүйесіне енгізу жағдайында мектеп мұғалімдерін кәсіби қолдау» тақырыбында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасын әзірлеушілер Қазақстан Олимпиадалық академиясының директоры, «Ұлттық спорт түрлері және күрес» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Айдын Бағдатұлы Дошыбеков пен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты директорының орынбасары педагогика ғылымдарының докторы, профессор Марфуга Абсатқызы Абсатова жасап жатқан жұмыстарымен бөлісті.

Семинар-кеңес аясында Қазақ спорт және туризм академиясы мен Беларусь олимпиадалық академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Семинар соңында Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Татьяна Анатольевна Морозевич-Шилюкпен кездесу өтті, онда Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Білім беру ұйымдары арасындағы ғылыми қызмет бойынша бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.

чвесанпгиршщз квчеанпршо

евсанпгошщлзхъ веанпгршол ыквемприолд

ычкспршо вычапмролдж

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖