Без рубрики

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және А.К. Құсайынов ат.ЕАГИ жоба әзірлеушілері «Болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудағы олимпиадалық білім» тақырыбында қонақ -дәрістер өткізді

2023жылдың 15-16 ақпанында ҚР Ғылым және жоғары білім Министрілгінің гранттық қаржыландырылған  жобасы: ЖТН AP14871202 «Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы» (2022-2024ж) аясында әзірлеуші ғалымдар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және А.К. Құсайынов ат.ЕАГИ  студенттеріне қонақ дәрістер өткізді.

Зерттеу материалдарын тәжірибеге еңгізу мақсатында жоба жетекшісі PhD докторы, Қазақ спорт және туризм академиясының қауым.профессоры Дошыбеков А.Б. «Олимпиадалық спорт»  тақырыбында және зерттеу тобының  мүшесі  п.ғ.д., Абай ат.ҚазҰПУ профессоры Абсатова М.А. «Инновациялық- цифрлық ортада білім беруді басқару» тақырыбында  дәріс өткізді.

Дәріске «Дене шынықтыру және спорт» және «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»  мамандығының 1,2 курс студенттері, профессорлық- оқытушылық құрам қатысып, кездесу соңында өз ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер келесідей цифрлық ресурстармен жұмыс жасады: kahoot, jamboard, Padlet,Google.Forms. Сонымен қатар, зерттеуші ғалымдар  жаңа, тың ақпаратпен бөлісіп, әзірлеген жұмыстарымен таныстырды.

WhatsApp Image 2023-02-20 at 15.35.44

WhatsApp Image 2023-02-20 at 15.35.44 (1)

WhatsApp Image 2023-02-20 at 15.35.44 (2)

Close