Без рубрики

13-20 қарашада П.Ф.Лесгафт атындағы Ұлттық мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетінде Қазақ спорт және туризм академиясының делегациясымен кездесу өтті.

Өткен аптада IRN AR09260551 гранттық қаржыландыру жобасы бойынша «Су спорты түрлерінен спорттық резервті даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді жақсарту және техникалық дайындықты арттыру бойынша ғылыми дәлелді ұсыныстарды әзірлеу» аясында Санкт-Петербург қаласында П.Ф.Лесгафт атындағы Ұлттық мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетінде Қазақ спорт және туризм академиясының делегациясымен кездесу өтті.

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Нұрмұханбетова Динара Кенжеқызы мен гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі Ермаханова Амина Бахитқызы  ғылым, инновациялар және цифрлық трансформация жөніндегі проректор Е.Макаровпен, тәрбие ісі жөніндегі проректор Соловьев В.Б. мырзамен өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын жаңарту мақсатында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Сонымен қатар, ҚазСТА делегациясы қосымша білім беру институтында, Менеджмент және әлеуметтік технологиялар институтында, Бейімді дене тәрбиесі институтында, Анатомия кафедрасының мұражайында, «Компьютерлік спорт: бастаудан бүгінгі күнге дейін» көрмесінде, жүзу, гимнастика, биомеханика кафедраларында болды. Сондай-ақ тараптар ағымдағы оқу жылына арналған, бірлесіп жүзеге асырылатын маңызды іс-шараларды анықтады.

Тағы бір кетерлігі, ҚазСТА өкілдері «Невская Волна» су спорты орталығына барып, бассейін басшылығы мен жаттықтырушылар құрамымен кездесулер өткізіп, көптеген мәселелерді талқылады.

IMG_7424 IMG_7422 IMG_6843 IMG_7377 IMG_7062 IMG_7061 IMG_7057 IMG_6864 IMG_6831 IMG_6849 IMG_7067 IMG_7417 IMG_7390 IMG_7054 IMG_6833

Close