ҚазСТА ректоры қысқы Универсиада чемпионы Данил Васильевке білім грантын тапсырды

Шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев орташа тармплинде ең үздік нәтиже көрсетіп, қысқы Универсиада Ойындарының жеңімпазы атанды. Данил – Қазақ спорт және туризм академиясының Олимпиадалық спорт факультетінің 1-курс студенті. АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен дүбірлі додада ел намысын қорғаған студент-спортшы Данил Васильевке үлкен спорттағы үздік жетістігі үшін Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Бауыржан Закирьянов білім грантын тапсырды.

Данил спортпен 8 жасынан шұғылданып келеді. Кішкентайынан бар арманы – әлемдік жарыстарда топ жару. «Бұл жетістікпен тоқтап қалмаймын. Алда қысқы Олимпиада шыңын бағындырып, елімнің даңқын көтеру» дейді чемпион Данил.

Сондай-ақ 2023 жылғы Дүниежүзілік Универсиада жүлдегер қатарынан көрінбесе де, тамаша нәтиже көрсетіп, 4-5 орыннан көрінген  студент-спортшылар М.Амангелдіұлы, А.Әли, А.Крюкова, В.Шишкинаға  Қазақ спорт және туризм академиясы 2022-2023 жылғы оқу ақыларына 100 пайыздық жеңілдік сертификатын табыс етті.  

Айта кетейік, 2023 жылғы Бүкіләлемдік Универсиадада қазақстандық студент-спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен 11 орынға тұрақтады. Бұл – жоғары көрсеткіш. Қоржынға түскен үш алттының екеуі – Қазақ спорт және туризм академиясының студент-спортшыларына тиесілі.

(Биатлон жарысы бойынша 15 шақырым қашықтықта жекелей сынға түскен Қазақ спорт және туризм академиясының 2 курс студенті Вадим Куралес алтыннан алқа тақты. )

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖