
2026 жылы 23 сәуірде Қазақ спорт және туризм академиясында 







тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға және азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілікті нығайту жолдарын талқылау және қазіргі қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Сонымен қатар, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал ету көзделді.
Іс-шара «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Дөңгелек үстелді аталған кафедраның аға оқытушысы, магистр Тебегенова Эльвира Темірханқызы жүргізді.
Шара барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа белсенді қатысып, тәжірибе алмасты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттердің жоғары қызығушылығын тудырды және олардың құқықтық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.






