Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Без рубрики

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

ҚҰРМЕТТІ  ТАЛАПКЕРЛЕР!

Білім беру гранттарын тағайындау  конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде күні басталады.

Құжаттарды қабылдау электронды форматта  egov.kz  порталында жүргізіледі.

Құжаттарды тіркеу үшін  18 жасқа толған талапкердің  жеке атына, 18 жасқа толмағандар үшін   ата-анасы атынан  ЭЦТ (электронды цифрлы таңба(ЭЦП)) ашылуы тиіс.

ЭЦҚ алу үшін сілтеме:

https://egov.kz/cms/ru/services/reservation for businesses/pass onlineecp

ЭЦТ кілті арқылы талапкер тіркеуі қажет негізгі  электронды құжаттар:

  • жеке куәлігі;
  • аттестат (дипом)+ қосымшасы.

ҰБТ баллы сәйкес болған жағдай басымқұқық иегері бола алады:

  • Республикалық спорттық жарыс жеңімпаздары;
  • алтын белгі иегері;
  • үздік аттестаты бар талапкерлер.

Әлеуметтік жағдайына байланысты   жеңілдіктер алу үшін төмендегі құжаттар керек.

  1. Кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалы отбасынан шыққан талапкер үшін:
  • отбасындағы барлық балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
  • ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі;
  • ата-анасының мемлекеттік жәрдемақы алатыны туралы куәлігі көшірмесі.
  1. Толық емес отбасынан шыққан талапкерлер үшін:
  • әкесінің немесе анасының қайтыс болғаны (3 жыл өткен болуы шарт) туралы куәлігінің көшірмесі;
  • ажырасқан отбасы болатын болса, неке бұзылғаны (3 жыл өткен болуы шарт) туралы куәлігінің көшірмесі көрсетілуі тиіс.

 

  1. Отбасында мүгедек бала тәрбиелеп отырған талапкерлер үшін:
  • туу туралы куәлігі көшірмесі;
  • мүмкіндігі шектеулі бауырының және де отбасындағы басқа да балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
  • мүмкіндігі шектеулі бауырының мүгедектігі туралы куәлігі көшірмесін тіркеу қажет.
  1. Ата-анасы қайтыс болған және ата-ана қамқорлығынан айырылған талапкерлерге:
  • ата-аналарының қайтыс болғаны туралы куәлігінің көшірмесі;
  • қамқорлыққа алған адамның жеке куәлігі мен анықтама көшірмесі;
  • ата-анасының бас тартқаны туралы қолқат немесе анықтамасы тіркелуі қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  1. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінішті мұқият толтыруыңыз шарт;
  2. Құжаттарды толық және дұрыс толтырылмаған жағдайда қабылдау комиссиясының  тарапынан қайта түзетуге  қайтарылады;

Берілген өтініштің толық қабылданғанын немесе қайта түзетуге жіберілгенін көру үшін egov.kz   порталындағы жеке кабинеттегі  хаттарды үнемі қадағалап отыруыңыз керек.

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖