Без рубрики

Студенттер Ардақ Назаровпен кездесті

Қазақ спорт және туризм академиясында “Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері” кафедрасының ұйымдастыруымен Ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, Еуразияның екі дүркін жеңімпазы Ардақ Назаровпен кездесу өтті.

Жастар жылына және Академияның 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бұл кездесудің мақсаты, студент-жастардың жігерлі де патриот, алғыр да өжет болып қалыптасуы үшін чемпионның балалық шағымен, өмір жолымен, спорттағы баспалдақтарымен бөлістіру. АКТ залға лық толған студенттермен кездесу, академияның бірінші проректоры М.З. Есқалиевтің сөзімен ашылды.
Әңгіме көзделген мақсатқа сай мазмұнды да мәнді өтті. Ибалы да инабатты қазақтың қызы ұлттық болмысқа сай болу үшін, жігіттердің оларға қорған болмағы айтылды. Отанға адалдық ата-анасынан сыйлаудан басталатыны сөз болды. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, бүгінгі бүлдіршін қыз ертеңгі ана болатынын осы бастан ойлау керектігін тілге тиек етті. Тұғыры биік, іргесі мықты мемлекеттің болашағы бүгінгі жастардың қолында екені сәтті мысалдармен келтірілді. Қартаймай тұрып, жастық шақтың, ауырмай тұрып, денсаулықтың қадірін білу үшін бүгіннен жақсы оқып, білімін жетілдіріп, еліне, жеріне пайда тигізуді ойлауды студенттерге әдемі жеткізген Ардақ Назаров, осы айтылғанның бәрінің болуы үшін иман қажеттілігін баса айтты. Шариғаттан мысалдар келтірді. Кездесу соңында чемпионға естелік ретінде Алғыс xат табысталды.
Ал студенттер әлем чемпионы, қазақтың мақтанышымен естелікке суретке түсіп, қимай-қимай қош айтысты.

 zJITf_5hn_Y 8FixmBM2fl8 i_TJChjfTQY -IpFv8tVfI8 Max5zISmX04 OabXMX2bF2I OTAEi9_bg60
Close