Без рубрики

Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында, Қазақ спорт және туризм академиясының 75 жылдық мерейтойына орай және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Бектілеу Қаражановты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.

    14-15 ақпан күндері Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында, Қазақ спорт және туризм академиясының 75 жылдық мерейтойына орай және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Бектілеу Қаражановты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Биыл 9-шы рет ұйымдастырылып отырған турнирге 8 команда қатысты. Олар: Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогиалық университеті, Тұран университеті, Қазақ бас сәулет құрылыс университеті, Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институты және Қазақ спорт және туризм академиясы.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша  1 орын – Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына, 2 орын – Қазақ спорт және туризм академиясына, 3 орын – Тұран университеті командасына бұйырды. Академия басшылығы спорт бәсекесінде жеңіс тұғырына көтерілген командалар мен жекелей қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

78 910 1112 1 (2)2 34 5 6

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close