Спорттық медицина кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедраның негізгі бағытталған қызметі оқу-әдістемелік жұмыс болып табылады. Кафедрада емдік дене шынықтыру және массаж, спорттық медицина және спорттағы допингке қарсы бақылау, «ЕДШ және массаж»  бойынша мамандандыру пәндерімен қатар қосымша білім беру траекториясы «Денсаулық менеджменті»  оқытылады.

Кафедра пәндерінің негізгі міндеттеріне – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алатын   студентерге ағзаның физиологиялық мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана отырып спорттық  жатығуларды  орындау барысында жоғары спорттық дәрежеге нәтижелі  жетуге, ретсіз немесе күрделі жаттығуларды орындау барысында туындаған жарақаттар мен ағза мүшедерінің әртүрлі бұзылыстарында  денсаулық күйін қалпына келтіріп,   жаттығулардың да тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар аталған  сырқаттық жағдайларда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін меңгеру, сауықтыру жаттығуларының түрлерін ұсына отырып, жарақат алған мүшенің  құрылым- қызметін қалпына келтіруге бағытталған түзету жаттығуларын ұсыну.

 Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы студенттерге және дәрігерлерге спорттық медицинаның жалпы мәселелері бойынша оқу және оқу-әдістемелік   құралдарын  шығаруда  үлкен еңбек етеді.

Кафедра емдік дене шынықтыру, сауықтыру дене шынықтыру, спорттық медицина саласында білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай материалдық-техникалық базға ие.

Кафедраның базалық және профильді пәндерін жүргізуде лабораториялық және практикалық сабақтарда үнемі спорттық құралдарды қолдану, ролдік және іскерлік ойындар арқылы сабақ мазмұнынын меңгеруде оқыту технологиялыраның түрлерін қолдану, сонымен қатар заманауи техникалық құралдарды  дәріс,   семинар сабақтарында қолдана отырып  келешек  мамандардың біліктілігін арттыруға үлес қосуда.

Студенттерді оқыту кредиттік технологиясы бойынша және де соған сәйкес пәннің оқу-әдістемелік кешені МЖМС және типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы оқыту барысында инновациялық интеракивтік  технологиялары қолданылады: мультимедиялық дәрістер, зертханалық және практикалық сабақтарда ОТҚ (видео-, аудио-, медия), аспаптар және аппараттар спорттық гимнасткалық құрал-жабдықтар.

Кафедрада 3 мамандандырылған аудитория бар: 2 массаж кабинеті, 1 спорттық медицина кабинеті және де оңалту және рекреация орталығы.

Кафедраның професссорлық-оқытушылар құрамы –  «Спорттық медицина», «ЕДШ, БДШ және массаж» базалық пәндері және «ЕДШ және массаж» пәні  мамандандыру бойынша типтік оқу бағдарламасының авторлары.

Кафедраның професссорлық-оқытушылар құрамы екі тілде оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, баспадан шығарылды: «Спорттық медицина», «Емдік дене шынықтыру», «Массаж».

Емдік дене шынықтыру және массаж мамандандыруында оқитын студенттердің оқу-өндірістік практикасы оқу үдерісінің кестесіне және бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Оқу-өндірістік практиканы өткізу базасы Алматы қаласы емдік-профилактикалық мекемелері болып табылады: «Аруана», «ЕРЗИ», «АРДИ» оңалту орталықтары,  №7,14, 24, 36-шы қалалық ауруханалар және т.б.

 

Close