Спорт ойындары кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедра жұмысының негізгі бағыты оқу-әдістемелік жұмыс болып табылады. Кафедрада таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі, таңдаған спорт түрін оқыту әдістемесі, таңдаған спорт түріндегі дене дайындығы, таңдаған спорт түріндегі техникалық және тактикалық дайындық, таңдаған спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшеліктері, таңдаған спорт түріндегі спорттық-педагогикалық шеберлік, таңдаған спорт түріндегі кәсіби жаттықтырушылық қызметі, таңдаған спорт түріндегі спорттық дайындық үдерісін басқару сияқты пәндер оқытылады; жалпы курстардың пәндері: баскетбол оқыту әдістемесімен, волейбол оқыту әдістемесімен, қозғалмалы ойындар, базалық спорт түрлерін оқытудың теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша).

Пәндердің міндеттері – болашақ бакалаврға «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша спорттық ойындарды оқыту теориясы мен әдістемесінің негіздерін, дене шынықтыру бойынша жіктеу және әдістемелік және практикалық сабақтарды өткізу, дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы, сауықтыру дене шынықтыру-спорттық іс-шараларды өткізу әдістемесі бойынша білім беру. Студент спорт және дене шынықтыру сабақтарында жарақат алу кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша, спорттық ойындар бойынша сабақтар өткізу кезінде жаңартылған мектеп бағдарламасы бойынша техникалық-тактикалық әдістерге оқыту құралдарын таңдау және пайдалану бойынша қажетті білім мен дағдыларды алады.

Кафедраның ПОҚ студенттерге спорттық ойындар бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдар шығарады.

Кафедра дене шынықтыру және спорт саласында білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін заманауи материалдық-техникалық базаға ие. Оқыту үдерісінде интерактивті технологиялар: мультимедиялық сүйемелдеумен дәрістер, практикалық сабақтардағы ТОҚ (бейне, аудио, медиатекалар), спорттық гимнастикалық снарядтар және спорттық ойындарды оқытудағы арнайы жабдықтар кеңінен қолданылады. Педагогикалық үдеріс кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады, оқу жұмыс жоспары және элективті пәндер каталогы (студенттің таңдауы бойынша) негізінде үлгілік оқу бағдарламалары пәндерінің барлық оқу-әдістемелік кешені әзірленді.

Кафедрада 2 спорт залы, әдістемелік сабақтар өткізуге арналған арнайы аудитория жабдықталған.

Баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, гандбол, регби мамандандыруы бойынша оқитын студенттердің оқу-өндірістік практикасы оқу үрдісінің кестесіне сәйкес бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Оқу-өндірістік практиканы (кәсіптік және педагогикалық) өткізу базасы мектеп-гимназиялар, спорт клубтары, БЖСМ, жалпы білім беретін мектептер, денсаулығы бұзылған балаларға арналған түзету мектептері болып табылады.

Close